Халық аспаптар бөлімі

Халық аспаптар бөлімі

Рахимбаев Талғат Сұлтанұлы

« Халық аспаптар оркестрінің / ансамблінің / жетекшісі» бөлімінің төрағасы.

1962 жылы 16 шілдеде Талды-Қорған облысы, Сарқанд ауданы, Екаша алылында дүниеге келген.

1982 — 1986  жылдары  Алматы қаласындағы  Республикалық П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищесін « Бас-қобыз » класы, көркемөнерпаздар оркестрінің жетекшісі және музыкалық мектептің оқытушысы » мамандығы  бойынша үздік дипломмен бітірген. 1986 — 1990 жылдары Шымкент педагогикалық мәдениет институтына түсіп, «Мәдени-ағарту жұмысы, халық аспаптар оркестрінің жетекшісі » мамандығы бойынша үздік аяқтаған соң, Қаскелең мәдениет колледжінде  оқытушы болып қызмет атқарып келеді. 1994 жылдан бастап «Халық аспаптар оркестрінің / ансамблінің/  жетекшісі» бөлімінің  төрағасы . 1996-1998-2001-2004-2006-2008-2011 жылдары, ҚР  білім және ғылым министрлігінің, облыстық және аудандық білім басқармаларының, аудан әкімшілігінің « Құрмет » грамоталарымен марапатталды.2012 жылы Алматы облысының білім басқармасының  бекітуі  бойынша «Арнайы пәндердің» Жоғары біліктілік санатындағы оқытушы.   2008 жылы  Қарасай аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған    «Үшқоңыр» қазақ  ұлт- аспаптар оркестрінің   дирижері. 2009 жылы қараша  айында Талғар қаласында өткен облыстық өнер ұжымдарының  байқауында Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат  министірлігінің 23.12.2009 жылғы № 179  бұйрығымен  оркестрге  « Халықтық» атағы берілді. Осы жылдан бастап  «Халықтық»  «Үшқоңыр» қазақ  ұлт- аспаптар оркестрінің   бас-дирижері. Оркестр құрамында 40 орындаушы ойнайды. «Халық  аспаптар  оркестрінің                  /ансамблінің/  жетекшісі» бөлімінде 16-оқытушы және 6- концермейтір  жұмыс  істейді, 36-студент білім  алуда. Оқытушылардың  барлығының  білімі «Жоғары» оның ішіндегі 12-оқытушы «Жоғары-14» санатты. Бөлімде оқытушылар  «Арнайы пәндер» бойынша сабақ өткізеді  ол пәндер: «Негізгі аспап»- домбыра,қобыз.сырнай, бас-қобыз, прима,  ұрмалы- соқпалы аспаптар  класы   және «Дирижерлау», «Оркестр аспаптарын тану», «Қосымша аспап», «Аспаптандыру»  жеке  сабақ  болып  өткізіледі. Сонымен қатар топтас – тәжірибелік пәндер   «Оркестр класы», «Музыкалық-теориялық цикл» оның ішіне кіретіні: « Саз дәрісі — Гармония негіздері». «Сольфеджио», «Мамандық бойынша тәжірибе»,  «Халық шығармашылығы» т.б, пәндер.«Халық аспаптар оркестрінің / ансамблінің/ жетекшісі » бөлімінде  сырттай және күнді оқу  бар.  Оқу мерзімі  2-жыл 10-ай. Қабылданатын студенттер  11- сыныпты бітірген /негізгі аттестат/ бойынша,  және өнер саласында оқыған мамандығы сәйкес  басқа оқу орнында   оқыған  студенттер ауысуға  болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>