Біздің кітапхана

12Қаншама ғылыми-экономикалық прогресс болып, электронды ақпарат құралдары, информатиканың басқа да көздері көбейгенімен кітаптың алар орны бөлек. Керек десеніз прогрессті жасау үшін де мың жылдықтар бойы адамзаттың ғылыми білімінің жиынтығы толы кітапқа жүгінбеу мүмкін емес. Білім бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған шығыстың жарық жұлдызы Әлішер Науаидің «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», сөздерін еске алсақ , кітаптың шексіз құдіреттілігін паш етеміз, ал сол кітаптың өзін қайдан аламыз? Қызықты ақпараттар және тың мәліметтермен қайда танысамыз? Әрине кітапханада. Сол кітапты сақтап, оқырмандарға ұсынатын – кітапхана. Кітапхананың негізгі мақсаты:- кітапты насихаттау және оқырман мұқтажын қанағаттандыру.
Қаскелең мәдениет  колледждің кітапханасының көлемі 55 кв.м. абонемент және 16 отырғызу орынға оқырман залымен жайғастырылған. Кітапхана оқу жылынан бастап құрастырылған тізім бойынша күндізгі және сырттай оқитын оқушылар керекті әдебиеттермен қанағаттандырылған. Кітапханаға 360 оқырман жазылды Бірінші курс оқушыларына кітапхана экскурсия өткізілді,оқушылар кітапхананың ережелер және міндеттерімен,өз құқықтарымен танысады.,  .Кітап қоры электронды каталогқа енгізілген. Интернет қосылған. Оқу залы компьютерлермен жабдықталған, көркемдік безендірілген  т.б.
Кітапхана қорын кітап көрмелері , тақырыптық сөрелер арқылы көрсетеді. Тақырыптық көрмелер тұрақты және мерекелік даталарға арналып ұйымдастырылған. Мысалы: «Мемлекетті.тіл-менің тілім», «Қош келдің-Наурыз», « Гүлдене бер, өркендей бер, елім менің Қазақстан!», «Ұлы ерлікке мың тағзым», «Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары», “Өнер-өмірдің өзіндей мәгілік”, “Арқа сүйер-Ата заң” т.б.

Колледжде өтетін шараларға кітапхана белсене ат салысады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>