«Болашақ бүгіннен басталады»

«Болашақ бүгіннен басталады» атты студенттердің ғылыми-ізденіс тәжірибелік конференциясы

«Егер де жастар гуманизмді, білімді, жауапкершілікті, әділдікті таңдап алса және өзімшіл болмаса, онда олармен бірге табыс та ілесіп жүреді.

Н.Ә. Назарбаев

Бұл конференцияны ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері

  • Болашақ мамандардың айналасымен қарым-қатынасын өмірге деген көзқарасын, біліктілік қасиеттерін арттыру.
  • Шығармашылық ізденіс жұмыстары арқылы студенттің кәсіби шеберлігін дамыту;
  • Ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеп, қолдау көрсету;
  • Колледж студенттерінің арасында ғылыми және іскерлік қатынастар орнату, жас ізденімпаздарды ғылыми зерттеулерге тарту;
  • Колледж студенттерінің ғылыми және шығармашылық белсенділіктерін, олардың ізденушілік және меңгеру қабілеттіліктерін дамыту;

Конференцияға қатысушы студенттер мен ғылыми кеңесшілері

  1. Иулдашев И. 2 курс, 2«Х» тобы. Надралиева Д.С.

Тақырыбы: «Сазгер ақын Құдайберген Өрісбаевтың өнері мен шығармашылығы»

  1. Бұршақбек Г. 3 курс, 3 «К» тобы. Шарафутдинова Б.Р.

Тақырыбы: «Қазақстанда әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы библиографияның дамуы»

  1. Рахымбекова Ж. 3 курс, 3 «К» тобы. Ибрагимова Қ.З.

Тақырыбы: «Киелі мекеннің қадірлі азаматы Есей Жеңісұлының шығармашылық өмірі»

  1. Бердикеев Е. 3 курс, 3 «Қ» тобы. Абдыманап К.

Тақырыбы: «Саз аспабы Нарқобыздың көркемдік сипатын және жасалу технологиясын жетілдіру».

  1. Әпек Б. 2 курс, 2 «Б» тобы. Нукурова А.Б.

Тақырыбы: «Балалар хореографиясы- қазіргі замандағы эстетикалық тәрбие берудің бір түрі».

Ғылыми-ізденіс жұмысының орындалу барысына нұсқау

 

Ізденіс жұмысының тақырыбын дұрыс таңдау мен құрастыру өте маңызды. Жұмыс бойынша жалпы күрделі сұрақтарды көптеп алудың қажеті жоқ. Мысалы: белгілі бір автордың шығармашылық әрекетін қарастыру қажет болса, оның өмірінің белгілі бір кезеңін немесе шығармаларын бір тақырыпта алу керек. Ғылыми жетекші тақырып таңдауда сізге көмектесуі керек. Оқу үшін көлемді сұрақтар алмаңыз.

 

  1. Ғылыми жетекшімен біріге отырып, оның жұмыс көлемін анықтау бойынша талдау жасау керек.Ғылыми жұмысты оның күрделілік деңгейіне байланысты жазылады. Мысалы: Студенттер еңбегініңкөлеміғылыми-тәжірибелік конференция үшін 20-30 беттен, ал дипломдық жұмыс көлемі 100-бетке дейін болады.
  2. Сіздің сұрағыңызға қатысты сол сала аймағындаертеректе жүргізілген зерттеулермен танысыңыз. Осы материалдарды өз мәліметтеріңізбен салыстыра отырып, нәтиже шығарыңыз.
  3. Өңдеу жұмысы титулды беттен басталады. Мысалы: Титулды бетте секция және жұмыс аты, сонымен қатар орындаған автордың және ғылыми кеңесшінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
  4. Ары қарай жұмыс мазмұны, жоспары мен бөлімдерінің тақырыбы санмен таңбалануы тиіс.
  5. Міндетті түрде жетістікке жету үшін жұмыстың мақсат, міндетін көрсету қажет.
  6. Кез келген ғылыми-ізденіс жұмысы кіріспеден тұрады. Онда тақырыпты таңдаудың себебі, еңбектің өзектілігін анық көрсету, оның болашақта қолдану және жүргізілу мүмкіндіктерін белгілеу.
  7. Негізгі бөлімінде тақырып бойынша бірнеше зерттеу нәтижесі жүргізілуі мен бақылау тәжірибесі және алдын-ала жасалған қорытындылар міндетті және құрамдас бөліктерден тұрады.
  8. Нәтиже шығару үшін қандай әдіс-тәсілдеріңізді қолданғаныңды көрсетуіңіз қажет
  9. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бөлімдерін логикалық реттілікпен орналастыру. Сонымен бірге, өзі ашқан жаңалықты белгілі бір дәлелдермен көрсету.
  10. Қорытындысында өз жұмысының нәтижесін шығара отырып, сол бағытта ары қарай жұмыс істеу әрекетін жалғастыру.
  11. Соңғы бетте пайдаланған әдебиеттер тізімі жазылуы керек.

 

Конференция бойынша зерттелген жұмыстың бағалану өлшемдері:

 Жаңашыл ой, пікір және зерттеу:

  1. Жобаның мазмұндылығы
  2. Теориялық маңыздылығы және тәжірибеде қолдану
  3. Алынған қорытынды
  4. Студенттің шығу, сөйлеу стилі

 

Конференция бойынша зерттелген жұмыстың бағалану өлшемдері:

 

Р/с Бағалау өлшемдері Жаңашыл ой, пікір және зерттеу Жобаның мазмұндылығы Теориялық маңыздылығы және тәжірибеде қолдануы Алынған қорытынды

 

Студенттің шығу, сөйлеу стилі

 

Жалпы балл
1 Иулдашев И.

Надралиева Д.С.

2 Бұршақбек Г.

Шарафутдинова Б.Р.

3 Рахымбекова Ж.

Ибрагимова Қ.З.

4 Бердикеев Е.

Абдыманап К.

5 Әпек Б.

Нукурова А.Б.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>