Студенттік өмір

Студенттік өмір


Қазіргі нарық заманында кәсіптік білім беру, болашақ жас кадрларды даярлаудың аясын кеңейту, өзекті мәселелеріне айналып отыр, еңбек рыногында бәсекеге қабілетті, адамгершілік, имандылық қасиеттерді бойына сіңірген жас мамандарды даярлап шығару біздің басты міндетіміз. Қаскелең мәдениет колледжінде осы мақсат, міндеттерді басшылыққа ала отырып,      колледжде жеке тұлғаны қалыптастыруда азаматтық- патриоттық, адамгершілік тәрбиенің негізгі бағыттарына кешенді тәрбиелік жұмыс жоспары құрылған. Сонымен бірге жұмыс жоспарда шығармашылық рухани және дене шынықтыруды дамыту, адамгершіліктің негізгі бағыттарын  және салауатты өмір салтын қалыптастырудың жолдары жан – жақты көрсетілген.

Осы оқу жылындағы тәрбиелік жұмыстың негізгі мақсаты:

  • болашақ маманның әлеуметтік ортаға бейімделуі;
  • шығармашылық, рухани және дене шынықтыруға дамыту мүмкіндіктері;
  • адамгершілік және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • аудандық, қалалық және колледжде мерекелік шараларды өткізу және қатысу.

Студенттер өмірін қызықты да көңілді өткізуге “Зерде” саяси клубы “Кітап жанашыры” клубы  КТК, «Шеберлер» мектебі т.б.  жұмыс істейді. Сонымен бірге ұжымда тәрбиелік мәні бар көпшілік шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, халқымыздың кәсіби сазгерлерімен, орындаушыларымен кездесу кештері, түрлі көрмелер, пікір- сайыстар, тренингтер, байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар түрінде жарыстар өтіледі. Осы жұмыстар негізінде, студенттердің халықтық өнерге деген қызығушылығы артады.

Студенттер колледждің ішіндегі, қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларда: мәдени шараларда, концерттерде, акцияларда, пікір-сайыстарда көңілді тапқырлар клубында, конкурстарда облыстық, аудандық, спорт жарыстарына және қаланы көріктендіру сенбіліктерге белсене қатыса отырып, жүлделі орындарға ие болып, құрмет грамоталарымен алғыс хаттармен, марапаттармен, дипломдармен марапатталуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>