Әлеуметтік — мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» «Мәдени демалыс ұйымдастыру, арнайы би» ПӘН ЦИКЛЫ

Ұлт мәдениетіндегі би өнері, халқымыздың көне заманнан жалғасып келе жатқан дәстүрлі тұрмыс – салтынан туындаған өнер үлгісі болып саналады. Көне билердің сызбалары, тас мүсіндерімен, үнгірлерде, жар тастарға қашалған таңбаларда сақталған. Қазақша билеу — көбіне топтасып ән салумен, өз қызығы өзімен өтіп жататын әр түрлі кәде жоралғыларымен, халық ойындарымен, тіптен еліктеуге, әзіл қалжынға негізделген пантомимамен біте қайнасқан ел мұрасы.

Міне, осы ұлттық би өнерінің даму бағытында қазақ мәдениетінің белгілі майталмандары жанашырлық таныта отырып еңбек етті.

Қазақстанда би өнері жетіліп, қанатын кең жаюында би өнерінің қарлығашы Шара апамыздың, бүгінде қазақ биінің атасы аталынып жүрген Дәурен Әбіров ағамыздың, ел еркесі би өнерінің профессоры Болат Ғазиз ұлы Аюхановтың, биші, балетмейстер  Зауырбек Райбаевтың, биші әрі дарынды суретші Аубәкір Исмаиловтың   осы салада сіңірген еңбектері ұшан теңіз.

«Мәдени демалыс үйымдастыру, арнайы би» циклі,  Қакелең мәдениет колледжінде үйымдасқан. Циклда еңбек ететін оқытушылыр: Каржаубаев А.М., Нукурова А. Б., Алимжанова Г.К., Молжигитов Б.Ш., Елікбай С. Олар циклдың оқу процессінің барлық пәндерін қамтамасыз етеді.

2009 жылдан «Мәдени демалыс ұйымдастыру, арнайы би» пән циклының төрайымы Нукурова А.Б.

Қаскелең мәдениет колледжінің мақсаты мен міндетінің дамуына сәйкес  би бөлімі құрылды.

Колледждің дамуымен циклда өзгеріс жұмыстары жүргізілді. Стандарт, оқу жоспарлары түзетілді, квалификациялар жаңартылды. Қазіргі уақытта цикл «Педагог — мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі бойынша еңбек етеді.

Цикл жұмысында көп жылдар ішінде педагогикалық қызметте классикалық, халық, қазақ, қазіргі заман билерінің кәсіби орындаушылары, мамандары еңбек етті.

Циклдың кәсіби білімін байытуға, мамандардың  білімін дамытуына Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Жургенов атындағы ұлттық академияның, Елебеков атындағы эстрадалық — цирк колледжінің жетекші оқытушыларымен, «Салтанат» мемлекеттік би ансамбілінің, «Алтынай» фольклорлы — этнографиялық  ансамблінің солистері мен циклдың қызметтестігі себеп болды.

Колледж студенттері, «Қаракөз» би ансамбілінің мүшелері колледж, қала, облыс аумағында барлық іс — шараларға белсене қатысады. Би конкурстарына қатысып жүлделі орындарға ие бо

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>