“АМАНАТ” ТОБЫ

“АМАНАТ” ТОБЫ

«Аманат» тобы Қаскелең мәдениет колледжінің жанынан құралған топ. 25Топ жігіттері Қаскелең мәдениет колледжінде дәріс алып Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғарғы оқу орнын бітіріп қазіргі таңда Қаскелең мәдениет колледжінде оқытушы қызметінде жүрген түлектеріміз. Қытай халық республикасынан Атамекенге өнер-білім іздеп келген жастардан құралған. Қазақ жерінде өнер-білімін шыңдап жоғарғы білімін алып осы киелі мекенге ата-бабасының жеріне қоныстанды.
«Аманат» тобының басты мақсаты Атамекеннен жырақта туылған сағынышқа толы қазақтың ән-күйлерін еліне жеткізу және таныстыру үшін құрылған топ.
Қытай халық республикасындағы қазақ әндерінің айтылу мәнері ерекше.
«Аманат» тобының орындауындағы әндер әр-түрлі бағытта жазылған Туған жер, Атамекен,  махаббат , достық,  сағыныш  лирикаға  толы  әндер. Орындалу  ырғағы  европа  және  шығыс  стилінен  өзгеше  қаймағы  бұзылмаған  саф  алтындай  таза құлаққа  жайлы  да  жағымды  естіледі.

Қазақ  халқы  мақал  мәтелге  бай  халықтың  бірі.  «Аманатқа  қиянат  жоқ»  деген  мақалды  түп  тамыр  ретінде  алып    сонау  қиыр  шетте  тарыдай  шашылған  қандастарымыздың  сағынышқа  толы  әндері  мен  күйлерін   сол  қалпында  басқа  ырғаққа  бұрмай   Қазақ  еліне  жеткізу   «Аманат»  тобының  басты  мақсаты  болып  табылады.  Сондықтан  топ  жетекшісі   әрі  продюссері   Молжигитов  Бәзілжанның  ұйғаруымен  топқа  «Аманат» деген  ат  қойылды.

Молжигитов  Бәзілжанның    өзі  де  1980-84  жылдар  аралығында  Қаскелең  мәдени-ағарту  училищесін  тамамдаған.  1985-89  жылдар  аралығында    Шымкент  қаласындағы  Әль-Фараби  атындағы  мәдениет  институтының  халық  аспаптар  оркестр  жетекшісі  мамандығында  оқып  бітіріп  1989  жылдан  бері  Қаскелең  мәдениет  колледжінде  оқытушылық  қызмет  атқарады.

26«Аманат»  тобында  Елікбай  Сержан, Рақымқаш  Жарқын  сонымен  қатар  Қытай  Халық  Республикасындағы  Қазақ  автомониялы  облысындағы  Күйтін  қаласындағы  музыка  колледжінің  дәстүрлі  ән  бөлімін  бітірген  Мұқатай  ұлы  Баймухамет  және  Қаскелең  мәдениет  колледжінің  түлегі  қазіргі  таңда     Шымкент  қаласындағы  Әль-Фараби  атындағы  мәдениет  институтының  халық  аспаптар  оркестр  жетекшісі  бөліміндегі   жеке  орындаушы  мамандығында  оқуын  жалғастырып  жүрген    күйші  домбырашы   Дабашұлы  Жарысбек.

Қазақ мемлекетіне жете алмай жүрген қаншама қандастарымыз бар. Сол қазақ атты қандастарымыздың әр жылдары жазылған сағынышқа толы әндер мен күйлерін қолдан келген мүмкіншілікке байланысты Қазақ еліне жеткізу үшін аянбай еңбек етсек деген оймен осы бір үлкен жұмысты бастап та кеттік.
Алдарыңыздағы әндер топтамасы осы «Аманат» тобының тырнақ алды жұмысы деп білерсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>