ПЦК жұмысының ережесі (2013-14)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің 2007 жылғы 20-желтоқсандағы № 583 бұйрығының және Алматы облысы білім басқармасының 2013 жылғы «Облыстық әдістемелік» кабинетінің ережесі негізінде жасалған Қаскелең мәдениет колледжінің пәндік циклдік комиссияның жұмысын ұйымдастыру Ережесі:

Жалпы ережелер

Оқу-әдістемелік жұмысқа қатысты білім беру үдерісі субъектілерінің мүддесін Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес құрылған бірлестік таныта алады.

Пәндік циклдік комиссиялар еркін бастама негізінде салалық (мамандықтар топтары, пәндер) белгілеріне қарай құрылады. Пәндік циклдік комиссияның жұмыс жоспары білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша диогоностика жүйесінің талдаудың, бақылаудың міндеттері нәтижесі негізінде құрылып, білім беру басшысымен бекітіледі. Пәндік циклдік комиссияның қызметін кеңес бекітіп оны төраға басқарады.

 

Пәндік циклдік комиссияның жұмысының мазмұны

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарды әзірлеуді, типтік оқу жоспарлары және типтік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтар және электрондық оқулықтарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізуді;
  2. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік үрдісін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;
  3. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
  4. Оқу үрдісін ақпараттандыру және білімді бақылау, қазіргі заманғы технологиямен оқытуды енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар әзірлеу;
  5. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстардың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлау жүзеге асырады;
  6. Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру тәжірибесін жалпылау, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлігі, үздік дипломдық жобалар және курстық жұмыстарға конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
  7. Дәрістік, практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтарға дайындық пен сабақ жоспарын құру.
  8. Ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық конференциялар өткізуге материалдар дайындау.
  9. Білім беру ұйымдарындағы оқытушылардың республикадағы, ТМД елдеріндегі мамандықтар мен кәсіптер бойынша тәжірибеден өтуі облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысу үшін ұсынымдар енгізу;
  10. Жастар және жұмыссыз жастар арасында насихаттау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  11. Қазіргі заманғы білім беру құралдары мен оқу- зертханалық жабдықтармен, педагогикалық білім беру құралдарымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді бағалау жайы туралы талдамалы материалдар дайындауға қатысу;
  12. Колледж базасында ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі мамандар біліктілігін көтеру курстарын әдістемелік қамтамасыз ету;
  13. Мамандар даярлауда сапа мониторингін ұйымдастыру, берілген білім беру оқу бағдарламаларында ақпараттық банк құру.
  14. Оқытылатын курстар мен іс-тәжірибелер бойынша жұмыс бағдарламаларын қайта құру.
  15. Пәндер бойынша әдістемелік нұсқаулар құру.
  16. Оқушылардың білімін бақылауға арналған тест тапсырмаларын, емтихан билеттерін, бақылау, өлшеу құралдарын құрастыру.
  17. Дәрістер мен әдістемелік нұсқаулардың виртуалды зертханалық жұмыстардың электрондық нұсқасын әзірлеу.

 

Пәндік циклдік комиссия жұмысының қызметін ұйымдастыру тәртібі

 

  • Білім беру саласындағы заңдар, нормативтік құжаттармен, білім беруді басқару органдарының ұсынымдамалары, бұйрықтар, нұсқаулармен танысу, сараптау, оны бірлестік отырысында қарау;
  • Пәндік циклдік комиссиясының жұмысын жоспарлау;
  • Пәндік циклдік комиссиясының оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын ұйымдастыру;
  • Пәндік циклдік комиссиясының апталық, онкүндік өткізу жұмысын жоспарлау;
  • Оқу-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таратылуына талдау және ұсынымдама жасау;
  • Оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыруды іске асырады;
  • Оқу үрдісін ақпараттандыру және білімді бақылау, қазіргі заманғы технологиямен оқытуды енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар әзірлеу;

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>