«Әлеуметтік — мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» «Сәндік қолданбалы өнер шеберлігі» ПӘН ЦИКЛЫ

Қазақтың қолөнері –ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы мәдени құндылықтарының бірі. Қазақ қолөнерінің өзіне тән шығу және даму тарихы, терең мазмұны мен бай тәжірибесі бар. Қазақ қолөнерінде халықтың дүниетанымы, түйсік-талғамы, арман –мүддесі көрініс тапқан. Әрбір заттың атауы және қолдану орны ерекше. Сондықтан болашақ мамандар осы сала бойынша білімдер мен тәжірибелерді білуі міндетті. “Сәндік –қолданбалы өнер шеберлігі”  бөлімі бойынша түрлі мүсіндеу, көркем безендіру, мата тоқу, киімді моделдеу, әшекейлеу,  терімен, металмен және т.б. жұмыс жасау қамтылады. ҚР Президентінің “Мәдени мұра” бағдарламасының негізінде бұрыннан қалыптасқан құндылықтардың жүйесін қайта қарау мәселесі заман талабына айналды. Біздің «Сәндік қолданбалы өнер шеберлігі» бөлімінен білім алған мамандар осы мәселені шешуде басты орын иегерлері болары анық.

Бұл бөлім ең алғаш 1994 жылы ашылған. Алғашқы кезде барлығы 7 білімалушы білім алса, олардың саны жылдан –жылға артуда. Қазіргі кезде «Сәндік қолданбалы өнер шеберлігі» бөлімінде білікті оқытушылар қызмет етуде. Аудандық, облыстық және Республикалық көлемдегі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>